kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігімен кездесу өтті

      Алматы университетінде 2019 жылдың 21 қараша күні тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Қ.Әлдекеновтің ұйымдастыруымен университет студенттерімен жоспарланған,  діни экстремизм мен сепаратизмнің алдын алу, жастарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі, «Шаңырақ» діни кеңес беру және оңалту орталығының директоры Мадияров Мерхат Мұратұлы  келіп, «Дәстүр мен дін» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды. Дәріс барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың дін саласында болып жатқан қазіргі заман талабына сай мәселелерден жан-жақты хабардар болуы жайында кеңінен түсінік берілді. Тәрбие жұмысында ең басты көңіл бөлінетін жұмыс терроризмнің, діни экстремизмнің алдын-алу, діндегі бүлдіргіш күштердің ықпалын түсіндіру болып табылады. Бұл кездесуде  студенттердің  көкейінде жүрген көптеген толғандыратын сұрақтарға жауаптар берілді, көпшілік болып талқыланды. 

WordPress Lessons