kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Абай мектебі – ұлы тағылым» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференциясы өтті

  2020жылдың 12 мамыр күні Алматы университетінде «Абай мектебі – ұлы тағылым» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференциясы өтті.
    БАҒДАРЛАМАДА
   Модератор – Алматы университетінің құқық магистрі: Батырбай Нұрбол Мұхтарұлы.
   Құрметті болашақтың тізгінін ұстар – Студент жастар!
   2020 жыл – рухани күш иесі – Ұлы Абайдың 175 жылдығы әлемдік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуі баршамызға аян. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласында:
    Әр азамат осы тойдың алдында еліміз жөнінде терең ойланса дейміз.
Абай бізге нені аманаттады?
Абай бізден нені талап етті?
Абай бізден нені күтіп еді?
   Абай айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба… – деген ойдың төңірегінде толғансақ – деген мемлекет басшысы ретінде Үндеу жолдады. Бұл үндеу барлығымызға, үлкен-кішімізге қатысты. XXI ғасырда Абайдың рөлі қандай болу керек? Оны жаттап алу бір басқа, оқу да бір бөлек, бірақ соны түсініп, әрбір адам өзінің қызметінде, тұрмысында қоғамдық белсенді істерінде пайдаланса, сонда ғана ақын тағылымы бүгінге үлгі және рухани азық болмақ. Сол себепті жрғарыда мемлекет басшысы қойған сауалдарға «Абай мектебі – ұлы тағылым» Халықаралық онлайн конференциясына жоғары білімді азамат ретінде белсенді атсалысып, ой қосылды . Конференцияға қатысушыларға сөз 3-5 минут аралығында берілетіндігін назарларында болды. Халықаралық онлайн конференцияны ашу үшін құттықтау сөз: «Әлем халықтары жазушылар одағының негізін қалаушы президенті» Қайрат Әбісатұлына беріліп, конференцияға қатысушы азаматтарға сәттілік тіледі.
     Баяндамалар:
1. Сара Нотуыт – Әлем халықтары жазушылар одағының Лондондағы өкілі. Құттықтау сөз сөйлеп, бейнематериал көрсетіп, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.
2. Есеналиев Байғали – Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан авторлар қоғамының Бас директоры баяндама жасады.
3.Падмайа Лиенгар – Падди. Үндістандағы Амаравати Поетик Призм Дүниежүзілік антологиясының Бас редакторы «Абай – әлем антологиясында» тақырыбында баяндамасы оқылды.
4.Айбергенова Салтанат – ф.ғ.к., доцент Әлем халықтары жазушылар одағының М.Дулати атындағы әдеби сыйлығының лауреаты баяндама жасады.
5. Мұхаммад Шаназар – Әлем халықтары жазушылар одағының 1-ші вице-президенті. 2015ж Нобель сыйлығының номинанты. Пакистан мемлекетінің өкілі. Бейнематериал көрсетілімін жасады.
6. Муаммер Ташчы – Сулейман Демирел атындағы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, Түркия елінде де Абайдың туындылары оқылатындығын айтып, баяндамасымен жалғастырды.
7. Насиха Ғұмарқызы Кенжина – ҚР қоғам қайраткері, ҚР журналистер одағының мүшесі. Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Азербайжан дүниесі халықаралық журналының Қазақстандағы өкілі өз баяндамасымен бөлісті.
8. Жабал Алшынбекұлы Шойынбет – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Абайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті. «Хакім Абай» тақырыбында толық баяндама жасап, толықтырды.
9. Ахатаева Ғалия Байқоңырқызы – п.ғ.к, доцент. Алматы университеті «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің жетекшісі өзінің баяндамасымен бөлісті.
10. Назарова Ғазиза Жалдыбайқызы-п.ғ.к, Ғылыми-Кеңестің хатшысы, М.Сапарбаев атындағы институты, Шымкент қаласы. Өзінің баяндамасында, конференция Халықаралық көлемде болғандықтан ағылшын тілінде жалғастырды.
11. Өмірбүбі Бегалиева – Қырғызстандағы халықаралық жазушылар одағының президенті, Әлем халықтары жазушылар одағының Қырғызстандағы Бас өкілі баяндама жасады.
12. Мухаммад Санжар – Алматы университетінің ағылшын тілінің маманы, шетел азаматтарының баяндамаларын орыс, қазақ тілінде аударып отырды.
13. Ұйымдастырушы- Сағат Құтбанұлы Әлдекенов – Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының PhD докторы. Қорытынды сөзімен бірге конференцияға қатысқан және атсалысқан азаматтарға рақметін айтып, Абайдың “Көзімнің қарасы” әнімен аяқтады.

WordPress Lessons