kzruen   info@almaty-university.kz         +77026005500      Версия для слабовидящих

«Абай мектебі – ұлы тағылым» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференциясы өтті

«Абай мектебі – ұлы тағылым» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференциясының
БАҒДАРЛАМАСЫ

     Модератор – Батырбай Нұрбол Мұхтарұлы.
     Құрметті болашақтың тізгінін ұстар – Студент жастар!
2020 жыл – рухани күш иесі – Ұлы Абайдың 175 жылдығы әлемдік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуі баршаға аян.
  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласында:
    Әр азамат осы тойдың алдында еліміз жөнінде терең ойланса дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба… – деген ойдың төңірегінде толғансақ — деген мемлекет басшысы ретінде Үн жолдады. Бұл үндеу барлығымызға, үлкен-кішімізге қатысты.
     XXI ғасырда Абайдың рөлі қандай болу керек? Оны жаттап алу бір басқа, оқу да бір бөлек, бірақ соны түсініп, әрбір адам өзінің қызметінде, тұрмысында қоғамдық белсенді істерінде пайдаланса, сонда ғана ақын тағылымы бүгінге үлгі және рухани азық болмақ.
Сол себепті жрғарыда мемлекет басшысы қойған сауалдарға «Абай мектебі – ұлы тағылым» халықаралық онлайн конференциясына жоғары білімді азамат ретінде белсенді атсалысып, ой қосайық.
    Конференцияға қатысушыларға сөз 3-5 минут аралығында берілетіндігін назарларыңызға салғым келді.

      Халықаралық онлайн конференциясын ашу үшін құттықтау сөз:
«Әлем халықтары жазушылар одағының негізін қалаушы президенті» Қайрат Әбісатұлына беріледі.
    Баяндамалар:
1. Сара Нотуыт — Әлем халықтары жазушылар одағының Лондондағы өкілі. Құттықтау сөзі. Видео
2. Есеналиев Байғали – Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан авторлар қоғамының Бас директоры. Баяндама
3. Падмайа Лиенгар — Падди. Үндістандағы Амаравати Поетик Призм Дүниежүзілік антологиясының Бас редакторы. «Абай – әлем антологиясында» тақырыбындағы баяндамасы.
4. Айбергенова Салтанат — ф.ғ.к., доцент Әлем халықтары жазушылар одағының Дулати атындағы әдеби сыйлығының лауреаты. Баяндама.
5. Мұхаммад Шаназар — Әлем халықтары жазушылар одағының 1-ші вице-президенті. 2015ж Нобель сыйлығының номинанты. Пакистан мемлекетінің өкілі. Видео
6. Мухаммед Ташчи – Сүлимен Демирел атындағы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы. Баяндама.
7. Насиха Ғұмарқызы Кенжина – ҚР қоғам қайраткері. ҚР журналистер одағының мүшесі. Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Азербайжан дүниесі халықаралық журналының Қазақстандағы өкілі. Баяндама.
8. Жабал Алшынбекұлы Шойынбет – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Абайтану» ғылыми зерттеу орталығының атқарушы директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті. Хакім Абай тақырыбында баяндама.
9. Ахатаева Ғалия Байқоңырқызы – п.ғ.к, доцент. Алматы университеті «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің жетекшісі. Баяндама
10. Өмірбүбі Бегалиева — Қырғызстандағы халықаралық жазушылар одағының президенті, Әлем халықтары жазушылар одағының Қырғызстандағы Бас өкілі. Баяндама.
11. Сағат Құтпанұлы Әлдекенов — Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының PhD докторы. Қорытынды сөз.

WordPress Lessons