Құрметті Алматы университетінің студенттері!
2021 жылғы 18 қаңтардан 07 мамырға дейін оқыту қашықтықтан (on-line) және аралас (on-line және off-line) форматтарда жүзеге асырылады.
Шетелдік студенттер оқуын тек қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.
Аралас оқыту корпуста ішінара оқу мүмкіндігін ұсынады.
1 курс студенттері үшін көктемгі семестрде аралас оқыту форматында: дәрістер – қашықтықтан; ал қолданбалы сипаттағы семинарлар, практикалық сабақтар – келесі білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу ұйымдастырылады:
– Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
– Биология мұғалімдерін даярлау;
– География мұғалімдерін даярлау;
– Химия мұғалімдерін даярлау;
– Психология;
– Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану;
– Дизайн;
– Сценография;
– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;
– Кәсіптік оқыту;
– Бейнелеу өнері және сызу;
– Графика;
– Өнер.
“Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау” және “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”, « Өнер» білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері үшін практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, off-line (күндізгі) форматында өткізілетін болады.
4-курста кәсіптік, диплом алдындағы практика, қорытынды аттестаттау академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға сәйкес қашықтықтан/аралас форматта өткізілетін болады.
Магистранттар мен докторанттар қашықтықтан/аралас форматта оқуын жалғастырады (диссертация жазуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысы, қорытынды аттестаттау жеке жоспарларға, академиялық саясатқа және күнтізбеге сәйкес жүргізілетін болады).
Күндізгі оқу форматында аудиториялар 2 м қашықтықты сақтай отырып, 40% – ға толтырылады.
Оқу ғимараттарында аудиториялық сабақтарды өткізуге 65 жастан асқан оқытушылар мен ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар тартылмайды.