kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

1986 жылғы Желтоқсан қозғалысының куәгерлерімен кездесу өтті

       2019 жылдың 4  желтоқсан күні Алматы университетінде 1986 жылы атойлап алаңға шыққан Желтоқсан қозғалысының куәгерлерімен кездесу кеші өтті.  Кездесуге профессорлық –оқытуышылар қауымы мен студент жастар қатысты.

       Кездесудің мақсаты  – желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып табылады.   

        Жиынды  университет ректоры,  профессор Мүбарак Ермағанбетұлы ашып, Желтоқсан оқиғасының мән-маңызы туралы айта отырып, кеш қонақтарымен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер Әсем Есенгелді «Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы», Назарбай Талғат «Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің өмірі»  тақырыбында баяндама жасады. Желтоқсан оқиғасынан үзінді ретінде Жас Отан Жастар Қанатының мүшелері дайындаған бейнеролик көрсетілді. Мәді Батырхан  Құрманғазының «Адай» күйін шеберлікпен орындап берді.

  Кездесуге Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының мүшелері, желтоқсаншылар  Абдрахманова Жұмағаным Қарабалқызы және  Ашинова Гүлназ Ахатқызы келіп қатысты. Аязды күні митингке шыққан  ауыр күндерін еске алып, тарихи және тәрбиелік маңызы зор әңгіме тарқатты.  «1986 жылғы Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі», – деді оқиға куәгерлері. 

       Кеш қонақтарының тол­ғана айтқан ой-көзқарастары жас буынға ерекше әсер қалдырды. Тарихтан алар орны ерекше желтоқсан қозғалысына қатысты жайттар жастарды ойландыратыны қатты қуантты. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш‑қайрат керек болса, оны құлатпай ұстауға да соншалықты күш‑жігер керек екенін бүгінгі жастар түйсігімен сезінгені сөзсіз. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болған апайларымызға кездесу соңында университет тарапынан сыйлықтар табысталды, естелікке суретке түсті.  

WordPress Lessons