kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін оқу қашықтан болады.

     1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін оқу қашықтан болады.

    Құрметті студенттер! Алматы  университетінде оқу онлайн форматында ұйымдастырылады. Кейбір мамандықтар бойынша оқыту аралас болады – университет қабырғасында және қашықтан.

      Күзгі семестрде қашықтан оқу форматына келесі білім беру салаларында оқитын 1-4 курс студенттері көшеді:

– Педагогикалық ғылымдар;

– Әлеуметтік ғылымдар;

– Бизнес, басқару және құқық;

– Өнер;

– Ақпараттық -коммуникациялық технологиялар;

– Өндірістік және өңдеу салалары.

      Аралас оқыту форматына (университетте және қашықтан) Көлік  қызметтері бағыты бойынша оқитын студенттер ауысады:

– 01.09-29.11.2020 ж. – қашықтан оқыту форматында дәріс және практикалық сабақтар өтеді;

– 30.11-12.12.2020 ж. – санитарлық-эпидемиологиялық режимін ескере отырып, күндізгі бөлімдегі 2-4 (5) курстардың зертханалық/студиялық сабақтары өтеді; бұл ретте сабақтар модульдік форматта ұйымдастырылуы тиіс;

– 05.10.2020 ж. – “ 6В11301- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру ” мамандығының 2-4 курс студенттері аралас оқыту жүйесімен оқытылады (3 күн онлайн, 3 күн оффлайн (университетте);

       1 курс магистранттарында 07.09-12.09.2020 аралығында бағдарлы апта өтеді. Білім алушылар логин мен пароль алады, “PortalAlmaty” порталына тіркеледі, оқытудың кредиттік технологиясымен, электрондық кітапханамен, қашықтан оқу форматында қолданылатын платформаларымен танысады, жеке оқу жобасын қалыптастырады және т.б. Оқу сабақтары 14.09.2020 ж. басталады.

            1 курс докторанттары күндізгі форматта оқиды, оқу сабақтары 01.09.2020 ж. басталады.

          Күндізгі бөлімде кестені құру кезінде 1 шаршы метрге 1 адамның арақашықтығын ескере отырып, аудиторияның 50% толықтырылуы ескеріледі.

      Оқу корпустарында аудиториялық сабақтар өткізуге 65 жастан асқан оқытушылар мен ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар тартылмайды.

WordPress Lessons