ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР! Сіздерді студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Ғылым, білім, инновация: дамудың заманауи жағдайы мен болашағы» атты өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың VII-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз

ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!

 

Сіздерді Алматы университеті, студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Ғылым, білім, инновация: дамудың заманауи жағдайы мен болашағы» атты өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың VII-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр.

 

  1. Педагогика және психология, мектепке дейінгі білім беру педагогикасы саласындағы білім және ғылыми зерттеулер
  2. Жаратылыстану ғылымының өзекті мәселелері
  3. Филология: бүгін және ертең
  4. Компьютерлік технология саласындағы ғылыми зерттеулер
  5. Жаңа кезеңдегі Қазақстан экономикасы дамуының жаңғыру бағыттары
  6. Заманауи жағдайындағы құқықтану:даму қарқындары
  7. Өнердегі инновациялар және технологиялар

 

Конференция үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және  ағылшын тілдері.

Конференцияға ғылыми материалдарды жариялау үшін 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін мына E-mail бойынша келесі құжаттарды жіберу қажет: e.beralieva@almaty-university.kz

Ақпараттық хатты университетінің сайттан жүктеуге болады, сілтеме арқылы https://almaty-university.kz/konferentsii-universiteta/?lang=kz

WordPress Lessons